Жарияланған күні: 21.06.2019 12:08
Өзгертілген күні: 21.06.2019 12:15

Қазақстан Республикасының заңнамасын халықтың дұрыс түсінуін және хабардарлығын қамтамасыз ету мақсатында кездесуде қатысушы тұлғаларға бірыңғай жиынтық төлемнің артықшылықтары туралы түсіндірілді.

Шыңғырлау ауданың тұрғындарымен кездесуде БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Самат Хангереев, БҚО бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитеті басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Жеңіс Бериков, БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы бөлімінің бас маманы Жоламан Ғалиуллин, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ БҚО бойынша директоры Вячеслав Кожевников бірыңғай жиынтық төлемнің артықшылықтары туралы айтып берді.

Семинар барысында қатысушы жеке тұлғалар, ауылдық округ әкімдері белсенді қатысып, сұрақтар қойды. Жоғарыда көрсетілген спикерлер толық жауап берді.

БҚО бойынша МКД