
Батыс Қазақстан облысының Мемлекеттік кірістер департаментінде және барлық құрылымдық бөлімшелерде 14 қазан күні қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға бағытталған жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында "парасаттылық-өмірлік басты қағида" тақырыбында бірыңғай ақпараттық "адалдық сағаты"өткізілді.
Бірыңғай "адалдық сағаты" сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыруға, Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама туралы ақпараттандыруға бағытталған.
Іс-шарада Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл М. К. Кувандыков сөз сөйледі,ол өз сөзінде Біздің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтудің тұжырымдамалық негізі парасаттылық идеологиясы анықталғанын жеткізді.
Ал парасаттылық отбасымыздағы, ұжымдағы, еңбекке қатысты күнделікті қарым-қатынастан құрылады және Департаменттің барлық қызметкерлерін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексін қатаң сақтауға, адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, азаматтармен және
әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға шақырды.
Сонымен қатар, Адам ресурстары басқармасының басшысы Бисалиева Т. Ж. сөз сөйледі.
Іс-шараға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға бағытталған.