Жарияланған күні: 15.10.2020 16:40
Өзгертілген күні: 15.10.2020 16:40
Белгіленген нормалардан асқан жағдайда, құннан 15% мөлшерде, бірақ құндық немесе салмақ нормаларынан асып кеткен салмақтың әр килограмы үшін 2 еуродан кем емес мөлшерде кедендік төлемдер талап етіледі.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап баж салығын төлеу үшін әрбір жеке сәлемдеменің салмағы мен құны негізге алынады. Мысалы, шетелдік интернет-дүкенде тапсырыс берілген, құны 300 евро болатын сәлемдемеге жолаушының кедендік декларациясын тапсыру қажет, сондай-ақ құндық нормасынан асып кету құнына 15% мөлшерінде кедендік баждарды төлеу керек (яғни, 100 еуродан 15%). А егер сәлемдеме құны 200 еуродан төмен болса, бірақ оның салмағы 35 кг болса (яғни, салмақ нормасынан 4 кг артық), онда 4 кг салмағына кедендік баж салығы салынады.