
2019 жылдың 3 қыркүйегінде Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Мемлекеттік кірістер органдарының мақсаттары мен міндеттері», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл құралдары» тақырыбында «Ашық күні» акциясы өтті. Бұл күні Департаментке Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің студенттері келді.
Кездесудің мақсаты Батыс Қазақстан облысының Мемлекеттік кірістер органдарының қызметімен таныстыру, студенттерді практикалық сабақтарға тарту және Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік кірістер органдарына ең перспективті кандидаттарды іріктеуді жүргізу.
Кездесуді Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары М.К.Кувандыков ашып, Мемлекеттік кірістер департаментінің мақсаттары мен міндеттерді туралы айтып өтті.
Адам ресурстары басқармасының бас мамандары О.П.Данильчук және А.А.Хадимов өз сөздерін Мемлекеттік кірістер органдарының құрылымына және міндеттері мен негізгі функцияларына арнады.
Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы Е.Г.Мамыкина студенттерге «Ақпараттық технологиялар сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету құралы ретінде» тақырыбында баяндамасын айтып және мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық бағдарламалары туралы айтты.
Кездесу барысында студенттер Түсіндіру жұмыстары басқармасының бас маманы Ж.Е.Галиуллиннен Жеке тұлғаларға рақымшылық жасау бойынша, жиынтық бірыңғай төлем туралы өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алу мүмкіндігіне ие болды.
Студенттерге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органдарының қызметі туралы презентациялық фильмі, сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты бейнеролигі көрсетілді.
Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қаланың жоғары оқу орындарымен, соның ішінде Мемлекеттік кірістер органдарына қызметке білікті жас мамандарды тарту бойынша тұрақты түрде ынтымақтастық жүргізуде.