Жарияланған күні: 05.02.2021 12:52
Өзгертілген күні: 05.02.2021 12:53

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Сыртқы экономикалық қызметне қатысушылардың назарына келесі ақпаратты жеткізеді:

         2020 жылдың 24 қарашасында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы «Еуразия экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес трансформатор қосулары тауарын жіктеу туралы» №152 Шешімін қабылдады.

         Осы Шешімге сәйкес:

         1. 1000 Вольттан жоғары ток кернеуіне есптелген, электр желісіне қосар кезінде трансформатор орамының ұштарын қосып және сыртқа шығару үшін қолданылатын, майлы трансформатордың төбесіне немесе бүйіріне арнайы тесікке қондырылатын, ішінде ток өткізетін метелл өзегі орналасқан, фарфордан жасалған өткізуші оқшаулағышты бейнелейтін, трансформатор қосулары, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының 1 және 6 Негізгі интерпретациялық ережелеріне сәйкес, Еуразия экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының 8535 90 000 субпозициясында жіктеледі.

         2. 1000 Волттан төмен ток кернеуіне есптелген, электр желісіне қосар кезінде трансформатор орамының ұштарын қосып және сыртқа шығару үшін қолданылатын, майлы трансформатордың төбесіне немесе бүйіріне арнайы тесікке қондырылатын, ішінде ток өткізетін метелл өзегі орналасқан, фарфордан жасалған өткізуші оқшаулағышты бейнелейтін, трансформатор қосулары, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының 1 және 6 Негізгі интерпретациялық ережелеріне сәйкес, Еуразия экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының 8536 90 субпозициясында жіктеледі.

         Бұдан басқа, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы, Еуразия экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес жекелеген тауар түрлерін жіктеу туралы бірнеше Шешімдер қабылдады. Осы аталған Шешімдермен барлық мүдделі адамдарға  https://kgd.gov.kz. сайты арқылы танысуға мүмкіндік бар.