Жарияланған күні: 15.10.2019 13:13
Өзгертілген күні: 15.10.2019 13:14

Бүгін Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қала базарларында ("Мирлан", "Айтиева", "1000 мелочей") салық төлеушілермен кездесулер өткізді.

Белгілі болғандай, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының аумағында барлық ақшалай есеп айырысулар барлық салық төлеушілер үшін БКМ онлайн қолдана отырып жүргізілуге міндетті. Бұл талаптар қызметін желі жоқ жерлерде жүзеге асыратын кәсіпкерлерге қолданылмайды.

Сондай-ақ, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап патент негізінде АСР қолданатын салық төлеушілер, 32 қызмет түрін қоспағанда, салық салу режимінің басқа түрлеріне көшуге міндетті.

Сонымен қатар, салық төлеушілерге басқа да өзекті мәселелер түсіндірілді:
- тауарлармен электрондық сауда;
- жеке тұлғалар үшін, сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтар бойынша өсімпұлды есептен шығару жолымен салықтық рақымшылық жасау;
- акция "Чекті талап ет-сыйлық ұтып ал!»

Кездесу барысында салық төлеушілердің сұрақтарына жауаптар берілді. Түсіндіру жұмыстары жалғасуда.