
Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының м.а. Бауыржан Наурызғалиұлы Қайдаров ұжымға жаңадан тағайындалған басшының орынбасарын таныстырды. Бұл қызметке Дәурен Нұрғожаев тағайындалды.
Нұрғожаев Дәурен Бірлікұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін және Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.
Салық органдарындағы еңбек жолын 2008 жылдан бастап, Мемлекеттік кірістер органдарында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2015-2018 жылдары Талдықорған қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің пост-кедендік бақылау бөлімінің басшысы, кедендік және тарифтік басқарма басшысы қызметтерін атқарған.
2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаменті тәуекел-менеджмент басқармасының басшысы.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің 2021 жылғы 28 қыркүйектегі бұйрығымен Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.