
02.27.2019 ж. Батыс Қазақстан облысының Мемлекеттік кірістер департаментінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен кедендік әкімшілік мәселелер, кеден заңнамасында өзгерістер мен жаңалықтарды талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел отырысында сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға тауарлардың кедендік құнын бақылау үшін ЕАЭО кодексі мен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің негізгі ережелері ұсынылды және КТмС төлемін қамтамасыз ету тәсілдерін, оның ішінде Департаменттің қаражатын уақытша орналастыру шотына ақша енгізу туралы/ депозит бойынша / түсіндірді.
Баға индикаторларын пайдалану, тәуекел профильдерін жаңарту, сондай-ақ жарияланған құнды растаған жағдайда немесе кедендік құнды түзету кезінде сыртқы экономикалық қызметтің жекелеген қатысушыларымен КТмС-ды төлеуге кепілдік ретінде депозиттелген қаражатты қайтару мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстел барысында Департамент қызметкерлері сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың пайда болған сұрақтарына жауап берді.