Сейсенбі, 26 маусымда БҚО бойынша МКД мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Тимур Тулепов облыс және қала тұрғындарына тікелей желі арқылы кезекті тікелей байланысқа шықты.
«Тікелей эфир» «Қазақстан» РТРК» АҚ Батыс Қазақстан филиалы «AQJAIYQ» телеарнасының «Ел алдында» бағдарламасы аясында жүргізілді.
Тікелей эфир – бұл дәстүрлі түре жүргізіліп келе жатқан және тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие болып отырған байланыс жасау үлгісі.
Тікелей байланыс басталғанға дейін мемлекеттік кірістер органы қызметкеріне 20-дан астам сұрақтар келіп түсті. Сұрақтардың басым көпшілігі телефон және смс-хабарламалар арқылы, сонымен қатар сайтұа және WhatsApp мобильді қосымшасы арқылы келді. Бұл ретте сұрақтарды тікелей эфир барысында да қабылдау жүргізілді.
Тікелей байланыс барысында қойылған өзекті сұрақтардың ішінде ең алдымен көлік, жер және мүлік салықтары бойынша борыштарды өндіру, электронды сауда-саттықтың басымдылықтары, «Чекті талап ет те – автокөлік ұтып ал» акциясы, ОСМС мәселелері болды.
Тимур Тулепов сонымен қатар, келіп түскен сұрақтарға тек жеке тәртіпте ғана емес, жүйелі түрде жауап беру мақсатында талдау жүргізуге уәде берді.
«Ел алдында» бағдарламсынан бейне репортаждың толық нұсқасы Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің интернет ресурсына: http://oraltv.kz/ru/archive/programs/programs_social/el-aldinda_oraltv/777102 сілтемесі бойынша орналастырылды.
БҚО бойынша МКД