
Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті хабарлайды, «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 99-бабына сәйкес әкімші банкроттық мүлікті сату жоспары немесе тікелей сату әдісіне сәйкес электрондық аукцион арқылы сатады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығымен бекітілген борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөніндегі электрондық аукцион ұйымдастырушысын жүргізу және анықтау Ережесінің 2-тармағының 10) тармақшасымен борышкерлердің мүлкін сату бойынша электрондық дерекқорға кірудің бірыңғай орны www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында көрсетілген.
Банкроттың мүліктерінің тізілімін көру үшін сізге «Сауда-саттықтары түрі» қойындысында «Аукцион» - «Борышкердiң (банкроттың) мүлкiн сату жөнiнде аукцион» таңдау қажет.
Бұдан басқа, www.gosreestr.kz сайтының пайдаланушыларына сату объектілерінің атауы, аймағы, сипаты, сауда-саттықтың басталу күні мен уақыты бойынша таңдау мүмкіндігі ұсынылған.
Электрондық аукционға қатысу үшін сіз www.gosreestr.kz сайтында тіркелуіңіз керек екеніне назарыңызды аударамыз.