Жарияланған күні: 17.02.2020 18:47
Өзгертілген күні: 17.02.2020 18:51

Бүгін, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында дәстүрлі ашық есік күні өтті.

Азаматтарды қабылдауды облыс және қала басшылығы, облыстық басқармалар мен департаменттердің, құқық қорғау органдары мен коммуналдық қызметтердің басшылары жүргізді.

Шараға БҚО бойынша МКД бас маманы Галиуллин Жоламан да қатысты. Жалпы, тұрғындар шетелдік автокөлік құралдарын уақытша тіркеу, көп балалы және мүгедектерге арналған салықтар бойынша жеңілдіктер, жеке тұлғалардан алынатын салықтар бойынша берешектер бойынша мәселелерімен жүгінді.

Қоғамдық қабылдау - бұл халықтың өзекті мәселелерін жедел және тиімді шешуге бағытталған шара.