
Оралда мемлекеттік кіріс басқармасының қызметкерлері «Атриум» сауда ойын-сауық орталығының кәсіпкерлері мен қонақтарымен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында онлайн-деректерді беру бақылау кассалық машинасын тіркеу, «Чекті талап ет – жүлде ұтып ал» науқанына қатысу, кәсiпкерлiк және жеке тұлғаларға салықтық рақымшылығы өткізу, мемлекеттiк кiрiстер органдарының электронды қызметтерiн пайдалану және кәсiпкерлерге қызығушылық тудыратын өзге де мәселелер туралы ақпараттар берiлдi.
БҚО бойынша МКД