Жарияланған күні: 26.06.2019 10:17
Өзгертілген күні: 26.06.2019 10:19

     25 маусым күні БҚО бойынша МКД басқарма басшысы Истюбекова Әлия облыстық "AQJAIYQ" радиосына мемлекеттік кіріс органдарында қабылданатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша негізгі шаралар туралы айтып, сұхбат берді.

     Облыстық департаментте тұрақты негізде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне терең және сапалы талдау жүргізіледі. Мәселен, қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бірлесіп талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар Жоспары әзірленді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындылары бойынша оларды барынша азайту бойынша нақты шаралар пысықталуда және орталық аппаратқа ұсыныстар жолдануда.

     Сонымен қатар, департамент "Ақжайық – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жұмысына қатысады. Аталған жобаның мақсаты сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқарту, сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамау, Батыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік билік институттарына азаматтардың сенімін арттыру болып табылады. Жобалық кеңседе қызметтің осы салаларындағы мәселелер қарастырылады және оларды шешу бойынша тиісті ұсынымдар әзірленеді.

     Сонымен қатар, азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру мақсатында Департамент 8(7112) 53-82-82 "сенім" телефонының жұмысын ұйымдастырды. Көрсетілген нөмір бойынша экономика және қаржы саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер мен бұзушылықтарға байланысты, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттері туралы кез келген хабарламалар қабылданады.

     Сонымен қатар, қызмет көрсету үдерісінде салық төлеушілермен байланысты азайту және мемлекеттік кірістер органдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында мемлекеттік қызметтердің 70% электрондық түрде көрсетіледі және kgd.gov.kz сайтта ұсынылады, оның ішінде баламалы негізде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы 26 қызмет көрсетіледі.

     Қызмет алушы үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында 2018 жылдың сәуірінен бастап Департамент экстерриториалдық қағидат бойынша 14 мемлекеттік қызмет көрсетеді .

     2018 жылдың тамыз айынан еGov.kz салық және кеден төлемдері мен баждарының 18 түрін төлеу мүмкіндігі пайда болды. Бұдан басқа, төлемді екінші деңгейлі банктердің мобильдік қосымшалары арқылы жүргізуге болады (post.kz, kaspi.kz, homebank.kz және басқалар).

     Сонымен қатар, Қазақстанда салық төлеу үшін жаңа online-сервис іске қосылды. Опция fastpay.kz сайтта қол жетімді. Оның көмегімен қазақстандықтар қандай да бір комиссиясыз жергілікті салықтарды, мемлекеттік қызметтер бойынша айыппұлдар мен баж салығын төлей алады.

     Электрондық қызметтер Қызмет көрсету үдерісінде байланыстарды азайтуға мүмкіндік береді, міндеттемелерді орындауды жеңілдетеді, оларды алу уақыты мен шығындарын қысқартады. Бұдан басқа, электрондық қызметті тәуліктің кез келген уақытында онлайн режимде, үйден немесе кеңседен шықпай-ақ алуға болады.

БҚО бойынша МКД