Жарияланған күні: 21.06.2019 17:01
Өзгертілген күні: 21.06.2019 17:02

20 маусым күні БҚО бойынша МКД басқарма басшысы Тимур Төлепов облыстық "AQJAIYQ" радиосына осы жылдың негізгі өзгерістері туралы айтып сұхбат берді.

Эфир кезінде айтылған тақырыптардың бірі салықтық рақымшылық болды. Батыс Қазақстан облысында ағымдағы жылдың бес айының қорытындысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті негізгі қарызды жалпы сомасы 274,9 млн.теңгеге өтеген 851 салық төлеушіге қатысты жалпы сомасы 105,4 млн. теңгеге өсімді есептен шығарды.

Елімізде шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтың негізгі сомасын өтеген жағдайда өсімақылар мен айыппұлдарды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық жүргізіліп жатқаны белгілі.

Сондай – ақ, Тимур Нұржанұлы салық органдарында бейресми жұмыспен қамтылған тұлғалардың қызметін тіркеудің оңайлатылған тәртібін қарастыратын жаңа құқықтық режим-бірыңғай жиынтық төлем туралы айтты. Бекітілген көлемі: 1 АЕК – қалаларда және 0,5 АЕК – ауылдарда.

Сонымен қатар, салық төлеушілер онлайн-бақылау-кассалық машиналарды қолдануы тиіс қызмет түрлерінің кеңеюі туралы атап өтілді.

Осы жыл ішінде тоқсан сайынғы негізде онлайн-БКМ қолдануға 633 қызмет түрі ауыстырылады:

2019 жылғы 1 сәуірден бастап 323 қызмет түрі;
2019 жылғы 1 шілдеден бастап 86 түрі;
2019 жылғы 1 қазаннан бастап 224 түрі.

              Сөз соңында Тимур Төлепов "Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!" акциясы туралы айтып берді. 1 мамырда басталып, 2019 жылдың 8 тамызына дейін жалғасады. 100 күн ішінде 100 смартфон ойнатылады.

Оған әрбір адам қатыса алады. Ол үшін өз гаджетіне "Таңдау" қосымшасын жүктеп, чектің деректерін осы қосымшада сақтау қажет.

Әрі қарай тек ұтыс ойынын бақылау ғана қалады. Жүлде иесі кездейсоқ сандар генераторының көмегімен күн сайын анықталады.

 

БҚО бойынша МКД