
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29 - бабының 3 - тармағына сәйкес лицензия алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
- өтініш;
- "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 60 бұйрығымен алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу, сондай-ақ алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілді, алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі – біліктілік талаптары) бекітілді.
Алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу саласындағы қызмет түріне арналған біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт және спорттық-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю станцияларының, сауда базарларының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарынан тыс және аумақтарында орналасқан тұрақты тұрудан өзге де мақсаттар үшін пайдаланылатын стационарлық үй-жайдың меншік құқығында немесе уақытша иелену (пайдалану) құқығындағы болуы, (осы Шарттар бір жылдан кем мерзімге жасалған жағдайда – жалдау немесе өтеусіз пайдалану шартының көшірмесі);
стационарлық үй-жайда сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және кәріз болуы (біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны толтырылады);
деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналар болуы (біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны толтырылады).