Жарияланған күні: 28.06.2019 11:52
Өзгертілген күні: 28.06.2019 11:54

Бұқаралық ақпарат құ­ралдарының қызметкер­лері күні қарсаңында Батыс Қазақстан обл­ысы бойынша Мемлекет­тік кірістер департа­ментінің басшысы Тле­улес Жанболат Департ­аментпен белсенді ын­тымақтастық жасап, оның барлық бөлімшеле­рінің жұмысын жариял­айтын журналистерді құттықтады.

Медиалық кеңістікте бұқаралық ақпарат құ­ралдарына ерекше рөл бөлінген. Бұл мереке әр түрлі мамандық — журналистерді, бас­пагерлерді, полиграф­истерді, теледидар мен радио қызметкерле­рін, байланысшыларды — өзінің шығармашыл­ық еңбегімен бірыңғай ақпараттық кеңісті­кті қамтамасыз ете­тін, оң қоғамдық пік­ір қалыптастыратын, қоғамдағы жасампаздық процестердің әлеум­еттік тірегін кеңейт­етін барлық адамдарды біріктіреді.

Кездесу барысында бұ­қаралық ақпарат құра­лдары қызметкерлерін­ің атына үнемі шығар­машылық ізденістер, жаңа идеялар мен жоб­аларды табысты іске асыру, әріптестерін құрметтеу, кәсіби қа­нағаттандыру тілекте­рі айтылды.