
Бүгін Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері Орал қаласындағы ірі сауда үйлерінде "Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал" акциясына қатысу шарттарын түсіндіру бойынша кезекті іс-шаралар өткізді.
Келушілерге "Таңдау" мобильді қосымшасын орнату бойынша нұсқаулық буклеттер таратылды, сондай-ақ сауда үйлері аумағында баннерлер орналастырылды.
Батысқазақстандықтар "Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал" акциясын белсенді түрде қолдайды, акцияның бір жарым ай ішінде 1 600-ден астам тұрғын республика бойынша көшбасшылардың үштігіне кіріп, 10 000-нан астам чек жібере отырып, науқанның қатысушылары болды.
Осы кезең ішінде бірінші қорытынды бойынша Орал қаласының тұрғыны жаңа iPhone 7 смартфонының бақытты иегері атанды.
"AQJAIYQ" аймақтық телеарнасына берген сұхбатында Орал қаласы бойынша МКБ басшысының орынбасары Отаров Алмас акцияның мақсаты мен шарттары туралы айтып берді.
"Облыстың барлық тұрғындарының акцияға ауқымды қатысуы тұтынушылар арасында салықтық және қаржылық мәдениеттің өсуіне ынталандырады, сондай - ақ кәсіпкерлерді "көлеңкеден" шығуға ынталандырады" - деп атап өтті басшының орынбасары Алмас Аблайұлы.
Естеріңізге сала кетейік, акция 1 мамырдан 8 тамызға дейін өткізіледі. 100 күн ішінде 100 смартфон ойнатылады. Күн сайын Қазақстанның әрбір тұрғыны бағалы сыйлық иегері болады. Ол үшін өз гаджетіне "Таңдау" қосымшасын жүктеп, чектің деректерін осы қосымшада сақтау қажет.
БҚО бойынша МКД