
24.07.2019 ж. таңертең Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары "Жасыл ел" жастар еңбек жасағының студенттерімен, шамамен 100 адаммен кездесу өткізді.
Қазақстан Республикасының азаматтары 2019 жылдың 1 мамырынан 8 тамызына дейін "Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал"акциясына қатыса алады. Акцияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті фискалдық деректер операторымен бірлесіп өткізеді.
Акцияны өткізу кезінде елдің әрбір тұрғыны кез келген сатып алу немесе ақылы қызмет көрсету арқылы смартфонның иесі болуға мүмкіндік алады. Тауарларды, жұмыстарды және Қызметтерді төлеу үшін чектерді "Таңдау"мобильдік қосымшасында тіркеу қажет.
Акцияға деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының чектері (онлайн БКМ) қатысады. Қатысушылар арасында күн сайын акция өткізу кезеңінде 100 смартфон ойнатылады.
Студенттерге «Таңдау» мобильдік қосымшасын жүктеп алып қалай акцияға қатысушы болатыны туралы жадынама таратылып түсіндірілді.
Орал қаласы бойынша МКБ