
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шетел валютасымен ипотекалық несие беру, төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру, жалпыға бірдей декларациялау және экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 3 шілдедегі «359-VI» Заңымен «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
Заңның 25-бабының 4-1-тармағы 2020 жылдың 1 маусымынан 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды.
Тоқтата тұру кезеңінде бұл тармақ келесі редакцияда жарамды:
«4-1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналары, осы Заңның 24-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, субьектісі жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар үшін; алынған кірістердің 5 пайызы мөлшерінде, бірақ тиісті қаржы жылы үшін республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің 50 процентінен аспайтын мөлшерде белгіленеді.
Осылайша, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімдері бойынша міндетті зейнетақы жарналары мөлшерлемесі 2020 жылдың 1 маусымы мен 2021 жылдың 1 қаңтары аралығында 5 пайызды құрайды.