Жарияланған күні: 06.02.2020 15:27
Өзгертілген күні: 06.02.2020 15:32

Құрметті салық төлеушілер!

     2020 жылдан бастап облыстардың, Нұрсұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының бюджеттеріне шағын және орта бизнестен КТС түсімдері берілді.

       Республикалық бюджетке Ұлттық экономика министрлігінің №1449 және Қаржы Министрлігінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы  №309 "Мұнай секторын қоспағанда, БР – да КТС төлеуші ірі кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін бекіту туралы" бірлескен бұйрығымен (бұдан әрі - тізбе) бекітілген Тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінің КТС түсімдері (1796 салық төлеуші) есепке алынады.

        Жергілікті бюджетке КТС есептеу үшін бюджеттік сыныптамасының қосымша коды ашылды (БСК 101111). Аталған БСК-ге тізбеде көрсетілмеген салық төлеушілердің КТС түсімдері есепке алынады.

     ҚР ҚМ МКК Порталында  Корпаративті табыс салығы туралы  ақпарат  Қызмет/Статистика/ Корпаративті табыс салығы (сілтеме) бөлімінде орналастырған.