
БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, ҚР Қаржы министрлігінің 27.11.2018 жылғы «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 206 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №1029 бұйрығымен 2019 жыл аралығында онлайн-БКМ қолдану міндеті туындайтын қызмет түрлері ұлғайтылатынына назар аударады.
Атап айтқанда, 2019 жылдың әр тоқсаны сайын онлайн БКМ қолдануға 633.
Қызмет түрлері қосылады.
Бұл ретте осы тізбе кеңейтіледі:
2019 жылғы 1 сәуірден бастап – 323 қызмет түріне;
2019 жылғы 1 шілдеден бастап – 86 қызмет түріне;
2019 жылғы 1 қазаннан бастап – 224 қызмет түріне.
Онлайн-БКМ қолдану бойынша талап, қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.
Сонымен қатар Қаржы министрінің бұйрығы тек салық төлеуші онлайн-БКМ қолдануға міндетті қызмет түрін ғана айқындайды.
Салық кодексінің 166-бабына сәйкес БКМ қолдану тәртібі реттелген.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 166 бабының 1 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледі.
Ақшалай есеп айырысулар кезінде бақылау-касса машиналарын қолданудан босатылатындар:
1) жеке тұлғалар;
2) адвокаттар мен медиаторлар;
3) жеке кәсіпкерлер (акцизделетін тауарларды сатудан басқа) қызметін жүзеге асыратын:
- патент бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін; (яғни 2020 жылға дейін бақылау касса аппаратынсыз жұмыс жасайды, 1 қаңтар 2020 жылдан бастап онлайн бақылау-касса аппараттарын орнатуға тиіс)
- бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін; (яғни шаруа қожалықтар 2020 жылға дейін бақылау касса аппаратынсыз жұмыс жасайды, 1 қаңтар 2020 жылдан бастап онлайн бақылау-касса аппараттарын орнатуға тиіс)
4) билеттерді бере отырып, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызметтер көрсету бөлігіндегі;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі;
6) екінші деңгейдегі банктер.