
ҚР Қаржы бірінші вице-министрінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 426 бұйрығымен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін, әлеуметтік төлемдердің толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету саласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімшелерінің 2019 жылдың екінші жартыжылдығына арналған Ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізу кестесі бекітілді (бұдан әрі - тексеру кестесі).
2019 жылдың екінші жартыжылдығында мемлекеттік органдар 718 кәсіпкерлік субъектісін тексереді.
Әрбір кәсіпкер сілтеме бойынша өтіп, тексеруге жататын тұлғалардың тізіміне енгізілгенін тексере алады.
Естеріңізге сала кетейік, тәуекел дәрежесін бағалау негізінде Ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулер салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушілердің (салық агенттерінің) қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты салық органдары тағайындайтын тексерулер болып табылады.
БҚО бойынша МКД