Жарияланған күні: 15.12.2017 17:56
Өзгертілген күні: 15.12.2017 17:58

       «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы25 желтоқсандағы № 587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы4 қыркүйектегі № 533 бұйрығымен кейбір салық есептіліктерінің нысандарына өзгерістер енгізілді.

        Заңға сәйкес Бюджеттік кодекстің 8-тарауы 52-1 бабымен толықтырылды, бюджетке түсетін түсімдерді аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері арасында бөлу, соның ішінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне төмендегі салықтық түсімдері түсуі тиіс:

       - аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын кірістері бойынша жеке табыс салығы;

         - мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында орналасқан жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

        - жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналасқан жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы;

         - аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте тіркелген жеке және заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы.

        Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеттерге түсімдерді қамтамасыз ету мақсатында 8 салық есептілігі нысандарына «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округтiң әкім аппаратының БСН» жаңа жолы қосылды.

       Осыған орай, 2018 жылдың 1 қаңтардан бастап салық есептілігін табыс ету бойынша міндеттемелерге қолданылатын 220.00, 230.00, 240.00, 700.00, 701.00, 701.01, 910.00, 911.00 салық есептіліктерінің нысандарына және жасау қағидаларына, сондай-ақ 200.00 нысанын жасау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

 

БҚО бойынша МКД