Жарияланған күні: 20.04.2018 16:07
Өзгертілген күні: 23.04.2018 10:14

 

Құрметті салық төлеушілер!

 

     Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2018 жылдың 20 сәуірінде төмендегі салық есептіліктерін тапсыру мерзімдері өтетінін естеріңізге салады:

     101.02 нысанды корпоративтік табыс салығының декларациясын тапсырғаннан кейінгі аванстық төлемдер сомасының 2018 жылдың 2-4 тоқсандарына есебі;

     2018 жылдың наурыз айы кезеңіне 320.00 нысанды импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар декларациясы мен 328.00 нысанды жанама салықтар бойынша енгізілген тауарлар бойынша өтініш;

     851.00 нысанды жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлем бойынша есеп (егер жер телімін пайдалану мен жер қойнауын пайдалану туралы келісім шарт 2018 жылдың наурыз айында жасалған жағдайда);

     870.00 нысанды қоршаған орта эмиссиясы төлемі бойынша декларация (егер 2018 жылдың 21-31 наурызы аралығында алынған қоршаған ортаны пайдалану рұқсатындағы 2018 жылға жылдық төлемақы көлемі 100 АЕК аспаса);

     Сонымен қатар 2018 жылдың 20 сәуіріне дейін төмендегі төлемдерді төлеу керек:

     2018 жылдың наурыз айында Евразиялық экономикалық одақ аумағынан әкелінген тауарлардың қосылған құн салығы        

     Акциздер, оның ішінде2018 жылдың наурыз айында Евразиялық экономикалық одақ аумағынан әкелінген тауарларға

     Қоршаған орта эмиссиясы төлемақысы  (егер 2018 жылдың 21-31 наурызы аралығында алынған қоршаған ортаны пайдалану рұқсатындағы 2018 жылға жылдық төлемақы көлемі 100 АЕК аспаса);

 

БҚО бойынша МКД