Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті төмендегіні хабарлайды: «100 нақты қадам»Ұлт жоспарын жүзеге асыру барысында шот-фактураларды рәсімдеу міндетті түрде электронды нысанға өтуін кезең-кезеңмен енгізу іс-шаралары қарастырылған.
Атап айтсақ, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілік ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 қарашадағы № 26-VI Заңында – шот-фактураларды электрондық нысандажазуға көшу міндеттемесі кезең-кезеңмен енгізілген, олар:
- 2017 жылғы 1 қаңтардан -Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті экономикалық операторлар, кеден өкілдері, кедендік тасымалдаушылар, уақытша сақтау қоймалардың иелері, соңдай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру үшін қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайлардағы салық төлеушілер;
- 2018 жылғы 1 қаңтардан - мониторингке жататын ірі салық төлеушілер;
- 2019 жылғы 1 қаңтардан – ҚҚС төлеушілердің барлығы.
Электронды шот-фактураларды жазу – уақытты және ақпаратты өңдеуге жұмсалатын шығыстарды (оператордың еңбек шығыстары, қағаз, принтер, орауыш, пошталық маркалар, жеткізу) азайтуға мүмкіндік беріп, электронды шот-фактураларды жазып беру бөлігінде кәсіпкерлердің жұмыс тиімділігін ұлғайтады. ЭШФ жазылған уақытта, ақпараттық жүйе ЭШФ-ның жазылу дұрыстығын автоматтық камералдық бақылаудан өткізеді, тиісінше қателіктерді болдырмайды.
БҚО бойынша МКД