Жарияланған күні: 15.12.2017 18:01
Өзгертілген күні: 15.12.2017 18:07

   Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті төмендегіні хабарлайды: «100 нақты қадам»Ұлт жоспарын жүзеге асыру барысында  шот-фактураларды рәсімдеу міндетті түрде  электронды нысанға өтуін кезең-кезеңмен енгізу іс-шаралары қарастырылған.

   Атап айтсақ, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілік ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының  2016 жылғы 30 қарашадағы  № 26-VI Заңында – шот-фактураларды электрондық нысандажазуға көшу міндеттемесі кезең-кезеңмен енгізілген, олар:

   - 2017 жылғы 1 қаңтардан -Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті экономикалық операторлар, кеден өкілдері, кедендік тасымалдаушылар, уақытша сақтау қоймалардың иелері, соңдай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру үшін қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайлардағы салық төлеушілер;

    - 2018 жылғы 1 қаңтардан - мониторингке жататын ірі салық төлеушілер;

    - 2019 жылғы 1 қаңтардан – ҚҚС төлеушілердің барлығы.

   Электронды шот-фактураларды жазу – уақытты және ақпаратты өңдеуге жұмсалатын шығыстарды (оператордың еңбек шығыстары, қағаз, принтер, орауыш, пошталық маркалар, жеткізу) азайтуға мүмкіндік беріп, электронды шот-фактураларды жазып беру бөлігінде кәсіпкерлердің жұмыс тиімділігін ұлғайтады. ЭШФ жазылған уақытта, ақпараттық жүйе ЭШФ-ның  жазылу дұрыстығын автоматтық камералдық бақылаудан өткізеді, тиісінше қателіктерді болдырмайды.

 

БҚО бойынша МКД