Жарияланған күні: 13.05.2021 13:06
Өзгертілген күні: 13.05.2021 13:11

     2021 жылдың 5 мамырында БҚО бойынша МКД экспорттық бақылау басқармасының қызметкерлері ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Сырым» өткізу пунктінде ірі көлемдегі тері бұйымдарын тиісті құжаттарсыз алып жүрудің жолын кесті.

     Мемлекеттік шекара арқылы Ресей Федерациясына бара жатқан «IVECO» маркалы екі автокөлік құралының жүк бөлігін тексеру нәтижесінде тауар айналымы құжаттарында мәлімделмеген 295 дана тондар анықталды.

     Қазіргі уақытта тауарлардың құны есептеліп, барлық мән-жайлар анықталуда. Оқиғаға қатысты барлық азаматтар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.