
Абхазия Республикасы мен Оңтүстік Осетиядан Қазақстан Республикасына Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - ЕАЭО) кедендік аумағына уақытша әкелінген Абхазия Республикасының және Оңтүстік Осетияның мемлекеттік нөмірлері бар көлік құралдары ЕАЭО тауарлары болып табылмайтынын және кедендік бақылауда болатынына назар аударамыз.
ЕАЭО Кеден Кодексінің 264-бабының 6-тармағына және 275-бабының 2-тармағына сәйкес уақытша әкелінген көлік құралдары ЕАЭО-ның кедендік аумағында декларанттың (әкелуді жүзеге асырған тұлға) іс жүзінде иелігінде және пайдалануында болуға тиіс.
Осыған байланысты, Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарға Абхазия Республикасы мен Оңтүстік Осетияда тіркелген уақытша әкелінген көлік құралдарын сатып алмауға, сондай-ақ аталған көлік құралдарын кедендік рәсімдеу мен Қазақстан Республикасының тіркеу органдарында бастапқы есепке қоюдың тиісті рәсімдерінсіз пайдаланбауға кеңес береді.