Жарияланған күні: 12.03.2021 19:35
Өзгертілген күні: 12.03.2021 19:36

"Сырым" өткізу бекетінде құжатсыз темекі шығаруға әрекет жасалмақшы болып, оған жол берілмеді, деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде.

 

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік шекара арқылы 2,5 мыңға жуық қорап темекісі өткізілмей тасталды.

"Мерседес-бенц" автомобилінің жүк бөлімінде "CHAPMAN"маркалы темекі блоктары табылды.

Темекіні экспорттық бақылаудан жасырылып, Ресей аумағына ілеспе тұтыну тауарларымен бірге шығаруға әрекет жасалған.

Жүк бойынша тауар-ілеспе жүкқұжатына сәйкес 7 млн.теңге сомасына салмағы 2000 тонна болатын ас үй жабдығы тасымалданды.

Темекі тәркіленіп, істің барлық мән-жайлары анықталуда.