Жарияланған күні: 11.02.2021 11:45
Өзгертілген күні: 11.02.2021 11:46

Мүмкіндіктері туралы МКК төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев айтып берген «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасында артық төлемді басқару сервисі іске асырылды.

Атап айтқанда, ол бір салықтан артық төлемді басқа салықтарға аудару арқылы жүзеге асырылады, сонымен қатар қаражатты банктік шотқа қайтаруға болады.

«E-salyq Azamat» мобильді қосымшасының «Артық төлем» салымында салық төлеушінің қандай салықтар бойынша артық төлем жасалғаны және артық төлеммен қандай іс - әрекеттерді жүргізгісі келетіні - не басқа салықтарға  есепке жатқызатыны, не өзінің банктік шотына қайтаратыны көрсетіледі. Ол үшін шоттың деректемелерін, банкті және қайтару жүргізу үшін соманы көрсету қажет.

Мемлекеттік кірістер комитеті 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап есепке жатқызу және қайтару мерзімі 10 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылғанын хабарлады. Сондай-ақ, «Артық төлемді басқару» сервисін 347,8 млн.теңге сомасында 5,5 мың пайдаланушы пайдаланып үлгерді.