Жарияланған күні: 11.02.2021 11:23
Өзгертілген күні: 11.02.2021 11:24

Мемлекеттік кірістер комитеті 2018 жылдан бастап берешек сервисі бойынша екінші деңгейдегі банктермен интеграциялау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізді.

МКК төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаевтың айтуынша, нәтижесінде салық төлеушілер екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында, сондай-ақ Салық төлеушінің кабинетінде, МКК порталында, «Электрондық үкімет» порталында салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті дайын деректемелер бойынша тексеру және төлеу мүмкіндігіне ие.

Ж.Іңкәрбаев «Жеке тұлғалар үшін мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша алдағы салық төлемдерін қарау және төлеу мүмкіндігі бар" - екенін атап өтті.

2020 жылы банктік қосымшалар арқылы жеке тұлғалардың салықтары бойынша 2,6 млн.астам push - хабарлама жіберілді. Нәтижесінде алдағы төлемдер сервисі бойынша 2,9 млрд. теңге немесе мүлік салығы мен жер салығы бойынша барлық түсімдердің 44,8% түсті.

Салықтарды төлеу туралы ақпарат екінші деңгейдегі банктерден МКК ақпараттық жүйелеріне онлайн режимде 2 минут ішінде түседі, ал бұрын салықтарды төлеу туралы ақпарат 2-3 күн ішінде түскен болатын. Салықтарды төлеу туралы ақпаратты алу уақытын қысқарту мемлекеттік қызметтерді жедел көрсетуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, жаңа енгізілімдер тауарларды шығару кезінде төлемді растайтын құжаттарды ұсыну талабын алып тастауға, бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы өзекті мәліметтерді ұсынуға, өсімпұлдарды есептемеуге, инкассалық өкімдерді қоймауға, шоттардан тыйым салуды шешуді жедел жүргізуге мүмкіндік берді.