
Интернет технологиялардың дамуы нәтижесінде төлемдерді тез және ыңғайлы жүзеге асыруға мүмкіндік беретін банк өнімдері де белсенді дамуда. Мобильді нөмір бойынша, СМС, QR код, түрлі мобильді әмияндар және т.б. арқылы төлем жүргізіге мүмкіндік бар. Кейбір банк өнімдері халық арасында танымал және кәсіпкерлік қызметте белсенді қолданылады.
Іс жүзінде қолма-қол ақша айналымының көп бөлігі қолма-қол ақшасыз ортаға көшті. Сөзсіз, қолма-қол ақшасыз төлемдер деңгейінің өсуі елдегі көлеңкелі экономиканың қысқаруына ықпал етеді.
Пресс-релиздің толық нұсқасын ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті сайтынан оқи аласыздар