Жарияланған күні: 18.06.2020 12:32
Өзгертілген күні: 18.06.2020 12:33

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) 2020/2021 оқу жылына арналған Ресей Федерациясы Федералды кеден қызметiнiң Ресейлік кеден академиясына күндізгі оқу нысанына түсу үшін қабылдау өткізетіні туралы хабарлайды.

Қабылдау күндізгі оқу нысанына «Кеден ісі»,«Экономика» және «Заңгер» мамандықтарына Мәскеу облысы, Люберцы қаласы және В.Б. Бобковатындағы Санкт-Петербургтік  филиалдарында өткізіледі. ​

ТМД мемлекеттерінің қатысушы азаматтары Академияға түсетін кезде:

- «Кеден ісі» (маман) мамандығы бойынша мынадай пәндерден: орыс тілінен, шет тілінен, қоғамтанудан және дене шынықтыру бойынша кәсіби бағыттағы қосымша қашықтық нысанында оқуға түсу сынақтарын тапсырады;

- «Заңгер» (бакалавр) дайындау бағыттары бойынша мынадай пәндерден: орыс тілінен, қоғамтанудан, тарихтан қашықтық нысанында оқуға түсу сынақтарын тапсырады;

- «Экономика» (бакалавр) дайындау бағыттары бойынша мынадай пәндерден: орыс тілінен, қоғамтанудан, математикадан қашықтық нысанында оқуға түсу сынақтарын тапсырады.

Академияға оқуға түсу үшін толық көлемде оқу бағдарламасын табысты игеруі және жоғары үлгерім деңгейі болу үшін: орыс тілін жақсы білуі,математикадан жоғарғы деңгейінің болуы, шетел тілін білуі, сонымен қатар жақсы дене шынықтыру даярлығы қажетті шарттар болып табылады.

Академияда оқу мерзімі күндізгі оқу түрінде «Кеден ісі» мамандығы бойынша – 5 жыл, «Экономика», «Заңгер» мамандықтары бойынша – 4 жыл.

Қабылдау ережесі, сондай-ақ Академияға түсу сынақтары үшін бағдарламалар туралы егжей-тегжейлі ақпараттар: www.rta.customs.ru сайтына орналастырылған.

Конкурстық іріктеуге қатысуға үміткерлер 2020жылдың 20 маусымына дейінгі мерзімде жазбаша нысандағы өтінішті, жеке куәлік көшірмесін, мектепті бітіргені туралы аттестаттың көшірмелерін, zh.zhunisbekova@kgd.gov.kz    электрондық мекенжайға жолдауы қажет.

Кандидаттарды оқуға іріктеу кезінде басымдығы жағынан мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерінің балалары болып табылады.

Барлық сұрақтар бойынша: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11-үй мекенжайына, мына телефонға 8-717-2-70-98-06 хабарласуға болады.