
Бүгін "Жолдағы қабылдау" акциясы аясында полиция департаментінің фронт-офисінде БҚО бойынша МКД өкілі Әлбек Хаймульдинов ЕЭО елдерінен әкелінген автокөліктерді уақытша тіркеу үшін кеден баждары мен алымдарын есептеу және төлеу мәселесі бойынша автокөлік иелеріне кеңес береді.
Шетелдік нөмірі бар автомобильдердің иесі болған қазақстандықтардың 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап көлік құралдарын Қазақстанда уақытша тіркеуге және кедендік баждар мен утилизациялық төлемдерін төлеуді 2021 жылдың 1 наурызына дейін кейінге қалдыру мүмкіндігі бар.
Бұл үшін 2021 жылдың 1 наурызына дейін автокөлік иелері:
* кеден баждарын және утилизациялық алымды төлеу;
* автокөлікті тұрақты есепке қою.
Арнайы ХҚКО-ға уақытша тіркелу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
• жеке куәлік;
* бұрынғы мемлекеттік немесе транзиттік нөмір белгілері;
* бастапқы тіркеу туралы куәлік;
• меншік құқығын растайтын құжаттар;
* төлем туралы түбіртектер: бастапқы тіркеу үшін; мемлекеттік нөмірді дайындау үшін баж; техпаспортты дайындау үшін баж.