Жарияланған күні: 26.02.2020 11:23
Өзгертілген күні: 26.02.2020 11:28

Батыс Қазақстан облысы бойынша МКД басшысы Тлеулес Жанболат Киікбайұлы төрағалық еткен алқа отырысына департамент бөлімшелері мен аумақтық басқармаларының басшылары қатысты.

2019 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке кірістер жоспары 101,5% - ға орындалды (РБ - 100,4%, ЖБ – 105,2%).

Қосымша салықтық және кедендік әкімшілендіру есебінен бюджетке 21,3 млрд.теңге қамтамасыз етілді немесе жоспардың орындалуы 112,4% құрады.

Салық бағыты бойынша негізгі резервтер ЭШФ мәліметтерін әкімшілендіру және камералдық бақылау есебінен – 13,2 млрд. теңге, онлайн-БКМ мәліметтері, 3 тұлғалардың деректер базасының мәліметтері есебінен қамтамасыз етілді.

Акцизделетін өнім айналымын бақылау бойынша тексеру іс-шаралары барысында 70 мың литр алкоголь өнімі, 7 тонна мұнай өнімдері, 3 млн. дана темекі өнімдері тәркіленді.

2019 жылдың өткен кезеңінде тауарларды әкету бойынша 315 фактінің жолын кесті, олардың ішінде 88 түсті және қара металл сынықтарын шығару бойынша факт, 154 мұнай өнімдерін шығару бойынша факт, 9 факт - макулатура, 5 факт - ағаш материалдары, 1 факт - тері. Сондай-ақ алып қою тізбесінен тауарларды қайтарудың 59 фактісі бар.

ЕАЭО-дан импортталатын тауарларға тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы мәселесі бойынша тексеру барысында 21,8 млн.теңге сомасында бюджетке қосымша ҚҚС түсімі қамтамасыз етілді.

Кеден бағыты бойынша қосымша 946 млн. теңге түсті немесе өсу қарқыны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109,1% құрады. Кедендік тексерулер бойынша 172,7 млн. теңге түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе артық.

Салықтық рақымшылық бойынша да оң нәтижелерге қол жеткізілді. Есепті кезеңде ШОБ үшін рақымшылық жасау шеңберінде 196,2 млн. теңге сомасына өсімпұлдар, айыппұлдар есептен шығарылды, ал жеке тұлғалар үшін рақымшылық жасау аясында 75,0 млн. теңге сомасына өсімпұл есептен шығарылды.

Соңында Жанболат Тлеулес Президенттің Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындаудың маңыздылығын атап өтті, алдағы кезеңге арналған жылдық жоспарлы көрсеткіштерді орындау және көлеңкелі экономиканы, сыбайлас жемқорлықты төмендетудің қолданылатын құралдарын кеңейту және жұмыстағы кемшіліктерді болдырмау бойынша нақты міндеттерді атап өтті.