Жарияланған күні: 22.11.2019 13:17
Өзгертілген күні: 22.11.2019 13:20

Оралда мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында белгілеген міндеттерді орындау мақсатында «Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні» жалпы республиқалық іс-шарасы басталды.

Атаулы акция барысында облыс әкімі, орынбасарлары, қала басшылығы, облыстық басқармалар, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік мекеме басшылары дәл қазір Х. Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында тұрғындарды жеке мәселе бойынша қабылдауда.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің атынан азаматтарды қабылдауды басшының орынбасары Бауыржан Қайдаров, түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Айман Қуанова, өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Тимур Төлепов жүзеге асырады.

Азаматтарды бірыңғай (ұлттық) қабылдау күні - жалпы республикалық іс-шара, оның негізгі міндеті азаматтардың нақты проблемаларын шешуге бағдарланып, халықпен тікелей диалогты жолға қою және нығайту болып табылады.

Айта кетейік, барлық басшыларымен бетпе-бет жүздесу түскі 13.00-ге дейін және 14:30-дан 19:00-ге дейін жалғасады.