
«Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» Акциясы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік Кірістер Комитетінің мұрындық болып өткізіп отырған іс-шарасы.
Акцияның негізгі мақсаттары:
-тұрғындардың азаматтық белсенділігін арттыру және олардың салық сауаттылығын дамытуға ықпал ету;
-тұрғындармен ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде бақылау-кассалық машиналарды қолданудың әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы туралы қоғамдық пікірді қалыптастыру;
-тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді тұтынушылар ретінде сатып алу кезінде азаматтардың өз мүдделерін қорғау мәселері бойынша құқықтық мәдениетін тәрбиелеу;
-бақылау-кассалық машиналарды қолдану бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптары туралы салық төлеушілерді және жұртшылықты хабардар ету;
- бақылау-кассалық машиналарды қолдану жолымен салықтөлеушілердің салық тәртібін арттыру арқылы бюджетке салық төлемдерінің түсімдерін ұлғайту;
-көлеңкелі экономиканың мөлшерін мейлінше қысқарту;
-кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ұстануға ынталандыру.
«Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» Акциясына қатысу ережелері:
Тауарды немесе қызметті сатып алыңыз да Чекті талап етіңіз. Оны (чекті) ұялы телефонның «Таңдау» қосымшасына жүктеп, сақтаңыз. Ойынның барысын ұялы телефонның «Таңдау» қосымшасы арқылы бақылап жүріңіз.
Акцияның шарттары:
қатысушы тұлғаның жасы 18 –ден төмен болмауы керек;
-Акция 2019 жылдың 01 мамырынан тамыз айының 08 кезеңінде өткізіледі;
- Акция Қазақстан Республикасының барлық өңірінде өткізіледі;
-Акцияға қатысушы мәртебесін алу үшін Play Market немесе App Store-ға «Таңдау» қосымшасын жүктеп және орнату қажет;
-«Таңдау» қосымшасында тауарларды немесе қызметтерді сатып-алу кезінде берілген фискалдық чекті сақтау міндетті;
-Акцияның жеңімпазы кездейсоқ сандар генераторының көмегімен анықталады;
-Акцияға онлайн БҚМ (KKM) қолданумен шығарылған (берілген) фискалдық чектер қатысады;
-жеңімпаздарға жүлделерді беру ұтыс нәтижелері бойынша жеңімпазды анықталған сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.
Акцияның толық шарттарын және қосымшамен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты www.trebui.kz сайтынан көруге болады.
Қатысушылар арасында күн сайын акция өту кезінде 100 смартфон ойнатылады.
«Тандау» мобильді қосымшасы»
орнату
Қосымша Play Market-те жүктеу үшін қол жетімді. Қосымшаға сілтеме: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.iberica.tandau
тіркеу
Чектерді сақтау және акцияға қатысу үшін тіркелу қажет болады
Чекті іздеу
Чекті екі жолмен табуға болады:
1. Чектегі QR кодты сканерлеу
2. Чектен деректерді қолмен енгізу
QR кодын сканерлеу. "Чекті іздеу" қойындысында жоғарғы жағынан "QR сканері" таңдаймыз. Белсенді бөлігі бар камера ашылады. QR кодына, чектің төменгі бөлігінде белсенді бөлікті келтіреміз. Қосымша ақпаратты чектен есептейді және ФДО жүйесінде
Деректерді қолмен енгізу. Барлық чектерге бірдей QR код болмайды. Бұл жағдайда деректерді қолмен енгізу қажет етіледі:
1.Күні 2.Уақыты 3.Фискалдық белгі. 4.БКМ коды 5.Чектің бағасы
Бұдан әрі "Тексеру" түймесін басып, қосымша ФДО жүйесінде чекті тексеруді іске қосу.
Чектің сақталуы
Чектегі деректерді тексергеннен кейін, қосымшада сақтау мүмкіндігі бар чек бойынша жалпы мәлімет көрсетіледі. Чектерді сақтағаннан кейін қойындыда «Менің чектерім» пайда болады
Қолданушылар аталған қойындыда өздерінің сақталған чектерін қарайды. Әрбір чекке ол туралы ақпаратты басуға және көруге болады.
Бейін. «Бейін» бөлімінде пайдаланушы акцияға қатысу үшін өзі туралы деректерді толықтыра алады.
Акциялар. «Акциялар» бөлімінде белсенді акциялардың тізімі көрсетіледі. Бір акцияны бас барысында толық мәлімет ашылады.
Акцияны көру ішінде басталу күні, аяқталуы және қатысу талаптары көрсетіледі.Қатысушы акцияның талаптарымен танысып онымен келісу белгісін басу арқылы келісуі қажет. Бұдан әрі «Қатысу» батырмасын басу керек.
«Нәтижелері» қойындысында өткізілген ұтыс ойындары туралы ақпарат көрсетіледі.
БҚО бойынша МКД