Жарияланған күні: 07.06.2019 19:34
Өзгертілген күні: 07.06.2019 19:36

     2019 жылғы 6 маусымда Орал қаласында дөңгелек үстел өтті, онда екі өңір – Орынбор және Батыс Қазақстан облысы бизнесінің ынтымақтастығының жаңа аспектілері талқыланды.

     КО шеңберіндегі әкімшілік ету бөлімінің басшысы Нсанбаев Исатай қатысушыларды сыртқы-экономикалық қызметті жүзеге асыру кезіндегі салық салу ерекшеліктерімен және Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы бизнес жүргізу аспектілерімен таныстырды.

     Батыс Қазақстан облысы Ресей Федерациясының бес облысымен шектесіп, аймақтың бизнесіне Ресей жеткізушілерімен сыртқы сауда қатынасын жүргізуге мүмкіндік береді.

     Ресей Федерациясымен сыртқы сауда айналымы 2019 жылдың 3 айға 130,3 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 28 млн. АҚШ доллар, импорт – 102,3 млн. АҚШ доллар.

     Жанама салықтарды әкімшілендіру мақсатында импорт басталғаннан бастап оны Қазақстан аумағында түпкілікті өткізуге дейін тауар қозғалысының мониторингі жүргізіледі.

     Қазақстан Республикасындағы мониторинг жүйесі "Виртуалды қойма" модулімен "Астана-1", "Тауарларды таңбалау", "Электрондық шот-фактуралар" және "Блокчейн технологиясы бойынша ҚҚС әкімшілендіру" ақпараттық жүйелерінен тұрады, бұл жанама салықтарды әкімшілендіруге мүмкіндік береді.

     ЕАЭО елдерінде тек Қазақстан мен Армения ғана ЭШФ базасында бірыңғай бақылау жүйесіне ие.

     2020 жылға қарай Қазақстан бизнесі ЭШФ толығымен қамтылатын болады, сол арқылы елдің тауар ағындарының ашықтығы мен бақылауына қол жеткізіледі.

     Сондай - ақ 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап тауарлардың жекелеген санаттары бойынша "ЭШФ" АЖ модулі пилоттық режимде іске қосылды.

     ЕАЭО аясында Үлбір бұйымдарын таңбалау бойынша пилот жүргізіледі. Сонымен қатар, ЕАЭО аясында таңбаланатын тауарлар тізімін кеңейту мәселесі қарастырылуда.

     Салық кодексінде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚҚС бақылау шотын ерікті негізде қолдану көзделген.

     ҚҚС бақылау шоттарын қолданатын экспорттаушылар үшін ҚҚС қайтару мерзімі 55 жұмыс күнінен 15-ке дейін қысқартылды. Жеткізушілерді қарсы тексеру жүргізілмейді.

БҚО бойынша МКД