Жарияланған күні: 29.05.2019 19:30
Өзгертілген күні: 29.05.2019 19:31

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 24 мамырдағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес Мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдарына жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардан құжаттарда мөрді талап етуге тыйым салынады.

Осылайша, куәландыру үшін құжаттардың жеке кәсіпкерлік субъектілері мөр пайдалануға міндетті емес, уәкілетті адамның қолы жеткілікті.

Сонымен қатар, өзгерістер мөрлерді пайдалануға тыйым салуды білдірмейді.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өз қызметінде мөрді пайдалануға немесе өз қалауы бойынша одан бас тартуға құқығы бар.

Мөрді пайдаланбау құқығы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдармен, қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимылын айтарлықтай жеңілдетеді.

Сондай-ақ жаңа түзетулерге сәйкес мемлекеттік органдар, қаржы ұйымдары, оның ішінде екінші деңгейдегі банктер құжаттың міндетті деректемесі ретінде мөр бедерін талап етуге құқылы емес.

Олар жеке кәсіпкерлік субъектілері құжаттарының уәкілетті тұлғаның қолымен ғана куәландырылған көшірмелерін қабылдауға міндетті.

БҚО бойынша МКД