
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 120-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес салық берешегі өтелмеген жағдайда салық органы шешім негізінде салық төлеушінің мүлкіне билік етуге шектеу қояды.
Сонымен қатар, Салық кодексінің 120-бабының 6-тармағында салық төлеушіге мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім тапсырылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей салық органы осындай шешімнің көшірмесін құқық немесе ол бойынша мәмілелер мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке не мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке құқықтардың ауыртпалығын тіркеу үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жібереді деп белгіленген.
Бұл ретте, салық берешегін өтемеу үшін шығарылған шешімінің жою негізі мұндай берешек өтеуі болып табылады (Салық кодексінің 120 бабы 9-тармағының 1) тармақшасы).
Салық кодексінің 120-бабының 10-тармағында салық органы мүлікке құқықтардың ауыртпалығын тоқтату үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарлама жіберетіні көзделген: 1) тізімдеме актісінде көрсетілмеген; 2) Салық кодексінің 120-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларда билік етуін шектеу туралы шешім жойылған; 3) уәкілетті заңды тұлға өткізген.
Осылайша, Салық кодексінің мүлікке құқықтарды ауыртпалық шешімінің күшін жою Салық кодексінің 120-бабы 9-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде кейін ғана тоқтатылады, тиісінше, салық органдары сот актілерін орындау үшін көзделген тәртібімен сауда-саттық іске асыру арқылы жағдайда мүлікке құқықтарды ауыртпалығын тоқтатуға құқылы емес, егер шешімінің күшін жою үшін негізі болмаса.