
"Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал" акциясы Қазақстанда 2019 жылдың 1 мамырынан 8 тамызына дейін әрекет етеді.
Акцияның мақсаты - азаматтық белсенділікті арттыру, тауар, жұмыс және қызмет көрсетуді тұтынушылар ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту.
Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері студенттермен бірге қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Тұрғындарға акцияға қатысу туралы қадамдық нұсқаулығы бар буклеттер таратылды және әрбір ниет білдіруші үшін Google Play market және App Store-да жүктеу үшін қол жетімді "Таңдау" мобильді қосымшасын орнату және онда чектерді тіркеу үдерісі көрсетілді.
Ал әзірше қатысушылар жеңіске жетіп, кәсіпкерлер бұзушылықтарды жояды. Мұндай акция тұтынушыларды көрсетілген қызмет үшін чекті талап етуге үйретеді және сатып алушы, егер ол ақша қаражатын өтей отырып, сапаға сәйкес келмесе, тауарды айырбастай алады немесе тапсыра алады, бұдан басқа сатып алушы түсімді есепке алу және салық төлемдері мен алымдарын төлеу үшін күресте одақтас болады.
БҚО бойынша МКД