Жарияланған күні: 24.04.2019 13:19
Өзгертілген күні: 24.04.2019 13:20

Салық төлеушілерге арналған Ашық есік күні

23 сәуірде БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Атамекен" ҰКП алаңында ашық есік күнін өткізді.

Дәстүрлі Ашық есік күніне БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері – түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Айман Қуанова, аудит бөлімінің басшысы Еділ Ахтаев, камералдық бақылау басқармасының бас маманы Ирина Рясная, мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің бас маманы Марат Гумаров, экспорттық бақылау бөлімінің бас маманы Нұржан Габдуалиев, тарифтік реттеу бөлімінің бас маманы Әлия Алманова қатысты.

Бұл жұмыстың басты мақсаты - салық және кеден заңнамасының нормаларын түсіндіру және проблемалық мәселелерді шешуде практикалық кеңес беру арқылы халықтың сауаттылығын арттыру.

Аталған іс-шараға салық төлеушілер және сыртқы-экономикалық қызметке қатысушылар, сондай-ақ қала тұрғындары белсене қатысты.

Мүлік салығын есептеу кезінде жеңілдіктерді қолдану, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу, онлайн БКМ және электронды шот-фактураға көшу мәселелері бойынша көптеген сұрақтар қойылды.

Әрбір сұраққа салық төлеушілер толық жауап алды. ​

БҚО бойынша МКД