Құрметті салық төлеушілер!
Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап «Салықтық түсімдер» санатында бюджеттік жіктемесінің кодтарын (БЖК) оңтайландыру жүргізілетіні туралы хабарлайды.
Осыған орай, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап, бюджетке төлемдер жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» № 403 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 1093 бұйрығын басшылыққа алуды сұраймыз.
Бұл бұйрық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің https://kgd.gov.kz/ сайтында: «Басты бет» - «Салық заңнамасы» - «Салық кодексіне НҚА» - «2019 жылға» бөлімінде орналастырылған.
БҚО бойынша МКД Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасы