
Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының салық заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша шығу семинарлар өткізеді.
Семинарларды өткізу облыстың 12 аумақтық мемлекеттік кірістер басқармасында бекітілген кестеге сәйкес жоспарланған. Қазіргі уақытта 6 аудандық басқармаларда семинарлар өткізілді.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасын халықтың дұрыс түсінуін және ақпараттануын қамтамасыз ету мақсатында Департамент қызметкерлері салық салу саласындағыжаңалықтартуралытүсіндірді.
Семинарға бизнес қауымдастық өкілдері, жеке кәсіпкерлер, шаруа және фермер қожалықтарының басшылары, сондай-ақ жергілікті тұрғындар қатысты.
Департамент қызметкерлері түсіндіру жұмыстары, Мемлекеттік қызметтер, жанама салықтарды әкімшілендіру және экспорттық бақылау басқармаларымен сөзсөйледі.
Департамент басқармаларының басшылары енгізілген жаңалықтарды егжей-тегжейлітүсіндірді:
* Бірыңғай жиынтық төлемді енгізу туралы;
* Жалпыға бірдей декларациялау;
* Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы мәселе;
* Тәуекелдерді басқару жүйесі;
* Тауарлардың электрондық саудасы;
* Салықтық рақымшылық 2019 ж.;
* Онлайн-БКМ қолдану үшін жаңа қызмет түрлері туралы;
* Электрондық шот-фактуралар;
• Арнайы салық режимдері;
• Өзгерістер ОПВ и СО;
* Жалақы 25 АЕК дейін қызметкердің салық салынатын табысы туралы ;
• Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі және басқа да тақырыптар туралы.
Семинар барысындақатысушыларбелсендіқатысып, сұрақтарқойды. Департамент қызметкерлері жаңа шылдықтарды тәжірибеде қолдану мысалдары мен толық жауаптар берді.
БҚО бойынша МКД