Жарияланған күні: 14.12.2018 18:23
Өзгертілген күні: 19.12.2018 17:28

БҚО бойынша МКД хабарлайды:

         2018 жылғы  28 карашада «СЕӨС СТ» АЖ салық төлеуші кабинетінде 2019 жылғы  911.00 нысанды патент құнын есептеудің электрондық үлгісі жарияланды.

         Еске саламыз, Салық кодексінің 685 бабына сәйкес, патент негізінде арнаулы салық режимiн қолданатын кәсіпкер кезекті патент алу үшін алдыңғы патенттің қолданылу мерзімі аяқталғанға немесе ұсынылған салықтық есептілікті тоқтата тұру мерзіміне дейін патент құнының есебін тапсырады.

         Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану үшін салықтық кезең күнтiзбелiк жыл болып табылады. Сонымен қатар, патент негізіндегі арнаулы салық режимі бір салықтық кезең шегінде кемінде бір ай қолданылады.

         Осыған байланысты, күнтiзбелiк жыл 31 желтоқсанда аяқталуына байланысты, мерзімін өткізіп алмас үшін жеке кәсіпкерлерді 2019 жылға патент алуға патент бойынша салық декларациясын тапсыруды 31 желтоқсанды күтпей, желтоқсан айының ішінде тапсыру керектігін ескертеміз. 

БҚО бойынша МКД