Жарияланған күні: 02.10.2018 19:37
Өзгертілген күні: 03.10.2018 10:03

Құрметті салық төлеушілер!

            Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, мәлімет үшін Сіздерге келесіні хабарлайды:

          Көрсетілетін қызметтерді алу тәртібін оңтайландыру және оңайлату мақсатында, Қазақстан Республикасының аумақтарында 2018 жылғы 1 қазаннан бастап 2019 жылғы 1 сәуір мерзіміне дейін мемлекеттік кірістер органдарының «эксаумақтық» ұстаным бойынша қызмет көрсету, немесе  қызмет алушыларға тіркелу орнына қарамастан қызметтерді кез келген мемлекеттік кірістер органында алу пилоттық жобасы қолданылады.

 2018 жылдың 1 қазанынан бастап қызметті эксаумақтық ұстанымда көрсету көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жеріне байланысты болмауын қарастырады, яғни қызметті кез келген мемлекеттік кірістер органдарында алуға мүмкіншілік беру.

  1. Дара кәсіпкерді тіркеу есебі;
  2. Салық төлеушілерді тіркеу;
  3. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі;
  4. Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер, салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы жеке шоттан көшірме беру;
  5. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама беру;
  6. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау);
  7. Қазақстан Республикасының салық заңнамасын түсіндіру;
  8. Салық есептілігін қабылдау;
  9. Салық есептілігін керi қайтарып алу;
  10.  Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу;
  11. Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару;

БҚО бойынша МКД