
Алматы қаласында 2018 жылдың 14 қыркүйегінде «Салық даулары: тәжірибесі және жетілдіру жолдары» тақырыбына конференция өтті, оның аясында Қазақстан Республикасының салық заңнамасын қолданумен байланысты дауларға қатысты сұрақтар, сондай-ақ оның ішінде инвестициялық қызметпен байланысты даулардың аясында туындайтын салық салу сұрақтарына қатысты алуан көзқарастар талқыланатын болады.
Іс-шараның ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Жоғары Сотымен және Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігінің мемлекеттік кірістер Комитетімен бірге Қазақстанның салық төлеушілерінің Қауымдастығы болып табылды.
Қазақстанның салық төлеушілердің Қауымдастығы мұндай салық конференцияларын он төртінші рет жүргізіп отыр. Өткізілген он үш конференция мемлекеттік органдардың басшылары мен мамандарының және салық төлеушілердің конструктивтік диалогы нәтижесінде салық жүйесін жетілдіру үшін мұндай іс-шаралардың өнімділігін растады. ҚСҚ жыл сайынғы конференциялары, бірегей тақырыбы мен шақырылатын сарапшылардың арқасында, жылдан жылға ең маңызды, жоғары нәтижелі және ауқымды хабарландырылатын оқиғалардың бір бизнесі ретінде мойындалады.
14 қыркүйектегі конференцияның жұмысында Ұлттық экономика министрліктерінің басшылары, Жоғары Сот және мамандандырылған сот алқасының, Мемлекеттік кірістер Комитетінің мүшелері, қалалық, облыстық соттардың судьялары, Мемлекеттік кірістер жөніндегі өңірлік Департаменттердің өкілдері, өзге мемлекеттік органдар мен салық төлеушілер қатысады. Батыс Қазақстан облысынан конференцияның жұмысында аудит басқармасының басшысы – Асылбек Қалменов пен заң басқармасының басшысы Әлия Истюбекова қатысты. Барлығы 300 аса адам қатысты.
Модератор - Ертлесова Жаннат Джургалиевна, ҚСҚ Басқарушы кеңесінің Төрағасы.
Конференция бизнес-климатты жақсартуға қатысты күш-жігерді шоғарландыруға мүмкіндік беретін, қосымша ақпараттың маңызды көзі болып табылады. Бұдан өзге, бұл барынша өткір мәселелермен бөлісуге, оларды шешу жолдарын әзірлеуге мүмкіндік береді.
2018 жылдың 14 қыркүйегіндегі өткен конференцияның негізгі тақырыптары:
• Салық даулары аясында қарастырылатын заңнаманы қолдануға қатысты мәселелік сұрақтар, оның ішінде трансферттік баға құрылымы туралы заңнама сұрақтары;
• Салық салу және кедендік реттеу сұрақтарына қатысты Апелляциялық комиссия жұмысы туралы
• Салық төлеушілердің және мемлекеттік кірістер органдарының өтініштері бойынша сот дауларын талдау
• Апелляциялық комиссияға және сотқа шағымдану кезіндегі мәселелік аспектілер.
Аталмыш конференция қорытындылары бойынша ҚСҚ салық заңнамасын әртүрлі түсіндіру, салық дауларына қатысты салық заңнамасын жетілдіру бойынша түзетулерді талқылау және ұсыныстарды әзірлеу секілді салық дауларын талқылау мақсатында Жоғары Сот және мемлекеттік кірістер органдарымен бірге біріккен іс-шараларды жүргізу тәжірибесін жалғастыру жоспарланатын, салық соттарына қатысты мемлекеттік органдар мен салық төлеушілердің диалогына арналған алғашқы алаңға айналды.
БҚО бойынша МКД