Жарияланған күні: 04.09.2018 11:45
Өзгертілген күні: 05.09.2018 10:27

Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері кезекті мәрте «Мектепке жол» атты республикалық акциясына  қатысты.

 

Бұл акцияның міндеті - жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасылардың мектеп оқушыларына көмек көрсету және қолдау жасап, әлуметтік жағдайына байланысты мектепке бара алмайтын балалардың мәселесіне қоғамның көңіл аударту.

Бұл акция Департаментте, аудандық және Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларында жүргізілді.

Жаңа оқу жылының басында Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері облыстың және аудандардың кейбір аз қамтылған отбасылар бойынша 13 баланы,  облыстық мамандандырылған зерделеу қабілеттері төмен балаларға арналған мектеп-интернат тәрбиеленушілерін мектеп формасы, спорттық киім, аяқ-киім, қарандаштар, қаламсаптар, дәптерлер, альбомдар жәнеде басқа да мектепке жарамды құралдармен толтырылған рюкзактармен қамтамасыз етті.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Н.С.Абдулов аз қамтылған отбасылардың балаларын жаңа оқу жылына дайындауға бағытталған «Мектепке жол» атты республикалық акциясын бірнеше жылдан бері өткізу Департаментте жақсы үрдіске айналып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар «20 қайырымды іс» республикалық акциясы аясында жыл басынан бастап ұжымның көмегімен қиын жағдайдағы аз қамтылған және толық емес көп балалы отбасыларға көмек көрсетілуде.

Мұндай аз қамтылған отбасылар үшін қоғам тарапынан материалдық қолдау -  қашанда игілікті іс.

 

                                                                                                        БҚО бойынша МКД