
Орал қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 2018 жылдың 15 тамыз күні «Ақпараттарды қабылдау және беру орталығы» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» тақырыбында «Ашық есік күні» акциясын өткізді. Аталған шара салық заңнамасы бойынша дара кәсіпкерлер, жұмыс берушілер жұмысшыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына ай сайын аудару қажет. Арнайы акция жарналарды төлеушілерге түсіндіру мақсатында өткізілді.
Төлеушілер (жұмыскерлерді және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғаларды қоспағанда):
1) аударымдарды және (немесе) жарналарды, сондай-ақ аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды уақтылы және толық көлемде есептеуге (ұстап қалуға) және аударуға;
2) қорға төленетін аударымдардың және (немесе) жарналардың мөлшерлерін есептеу мен қайта есептеуді дербес жүзеге асыруға міндетті.
Ақцияға барлық қатысуға тілек білдірушілерге түсіндіру көмектерімен бірге, ақпараттық сипаттағы үлестірме материал ретінде буклеттер тапсырылды.
Ашық есік күні барысында 21салық төлеуші қабылданды.
Орал қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы