Жарияланған күні: 08.06.2018 10:08
Өзгертілген күні: 08.06.2018 10:08

Жылжымайтын мүлікпен байланысты бизнес кірісі мол бизнес екендігі бәріне мәлім. Жылжымайтын мүлікті жалға беру мәмілелері аса тартымды іс. Алайда осы мәміле қатысушылары жылжымайтын мүлік объектілерін жалға беру кезінде салық салу принциптерін білмеуі мүмкін.

Біріншіден жылжымайтын мүлікті жеке тұлғалар да, сонымен қатар жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз заңды тұлғалар да жалға бере алатындығын атап көрсету қажет. Егер тіркеуді өтсе, онда осындай тіркеу формасы патент бойынша ЖК ретінде, оңайлатылған декларация бойынша ЖК немесе заңды тұлға болатын жағдайда  төленуге тиісті салық мөлшеріне әсер етеді.

Пәтерді жалға тапсыру кезінде Қазақстандағы Салық  Кодексі қандай салықты көздейді?

Патент бойынша ЖК ашу түрі бар, ал егер сіз ЖК ретінде тіркелмесеңіз, ондай жағдайда барлығын мүліктік табыс ретінде заңдастыруыңызға болады.

Сонымен, ұзақ мерзімге пәтерді жалға беру кезінде ескеруді қажет ететін  келесі нұсқаларды қарап көрейік:

-ЖК-ні тірекеусіз

  • Жалға беруден түсетін табыс мүліктік табыс ретінде бағаланады – Қазақстан Республикасының Салық кодексі бойынша «салық агенті» санатына жатпайтын тұлғаларға жылжымайтын мүлікті тапсыру және жеке тұлға  ретінде кірістен 10% салықты төлеу. 31 наурызға дейін жеке  табыс салығы бойынша декларация тапсыру және кірістен 10 %-ды қажет (ф.240.00).

Салық заңнамасы бойынша жылына 12 минималды еңбек ақысына тең кіріске салық салынбайды. 2018 жылға МЕА - 28 284 теңге.

Әдеттегідей, 28 284 теңгеге бөлме немесе серіктес қалаларда, қала үлгісіндегі ауылдарда пәтерлер тапсырылады.

Егер төлемақы осы шектен жоғары болса, ал статистика бойынша осылай болып отыр – ондай жағдайда пәтер ақысын ресмилендіру қажет. 

  • ЖК ретінде тіркеу
  • жеке кәсіпкер ретінде тіркелу есебіне қою үшін жеке тұлға салық органына қызметтің басталуы туралы хабарлама жолдайды. Он күн ішінде салық режимі анықталуы қажет.

2018 жылдан бастап патент негізінде салық режимінің мөлшерлемесі, нақтырак айтқанда пәтерді тапсыратындар үшін 2-ден 1 %-ға төмендетілді. Бюджетпен есептесудің осындай сұлбасы  жалданбалы еңбекті пайдаланатындарға және жылына кірісі 7 млн. теңгеден аспайтындарға қол жетімді.

Тағы бір түрі – ол  оңайлатылған декларация. Бұл жерде салықтың мөлшерлемесі 3 %-ды құрайды, ол жарты жылда бір рет пайда алу фактісі бойынша  төленеді.

Егер сіз орынжайда тапсыра отырып, бюджетке ештеңе төлемеген жағдайда, сіз келесі жағдайға тап боласыз.

Әкішілік жауапкершілік

  • салық сомасынан 150%  мөлшерiнде салық салу объектiлерін жасырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік (ҚР ӘҚБК-нің 275 бабы)
  • ЖК-ны тіркеусіз  кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін 15 АЕК немесе 36 075 теңге (2018 жылы АЕК 2405 теңгеге тең) мөлшерде  әкімшілік жауапкершілік (ҚР ӘҚБК-нің 463 бабы)

Егер сіз декларацияны жеке кіріс салығы бойынша тапсыратын болсаңыз (әрі қарай – ЖКС), жалға беру сомасын мүліктік кіріс ретінде кіргізуіңіз  тиіс. Мүліктік кірістен ЖКС сомасы  - 10%,  яғни 60 000 теңге. Бұл жерде жасырғаны үшін сомасы 150% - 90 000 теңге.

Қылмыстық жауапкершілік

20 000 АЕК-ден және жоғары салық аударымдарының төленбеген сомасында  ҚР ҚК 244 қылмыстық бабы көзделген. Ондай сома келесі жағдайларда туындауы мүмкін, егер:

  •  бірнеше тұрғын алаңы жалға берілсе ;
  •  жалға таңдаулы тұрғын үй берілсе;
  •  тұрғын үй бірнеше жыл ресмилендірусіз жалға беріліп келсе.

ҚР ҚК 244 бабы бойынша төмендегі жазаға әкелетіндігін атап айту қажет:

  • 3 000 АЕК-ге дейін айыппұл немесе түзету жұмыстары;
  • үш жылға дейін мерзімге бостандығын шектеу;
  • сол мерзімге бас бостандығынан айыру.

 

БҚО бойынша МКД